Араққұмарлық, темекіқұмарлық, ойынқұмарлық

Маскүнемдіктен сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бұл күндері адамдарды қатты алаңдатуда. Адам дүниеге келгенде ішкілікке үйір болып туылмайды. Сондай-ақ маскүнемділік тұқым да қуаламайды. Оған көбінесе дастарқан басындағы көңілді отырыстар, араласқан адамдары, жүрген ортасы әсер етеді екен. Алкоголизм мен маскүнемдіктің артында жеке адам, отбасы тағдыры жатыр. Ол адамдардың денсаулығын құртып, шаңырақтың быт-шытын шығарады. Сондай-ақ жұмысқа немқұрайлы қарауға, еңбек өнімінің төмендеуіне, жұмысқа себепсіз кешігуге және апатқа ұшырауға апарады. Маскүнемдік ағайыншылыққа, сыбайластыққа, жең ұшынан жалғасушылыққа, тамыр-таныстыққа, қылмыс жасауға итермелейді. Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Араққа үйір адам өзі бақытсыз ғана болып қоймай, бүкіл ата-ана, бала-шаға, жарына да кесірін тигізеді. Олар әдетте жұмысында абыройсыз, ағайын-туыс, көрші-қолаңға сүйкімсіз болады.
ҚАБЫЛДАУҒА ЖАЗЫЛУ
Made on
Tilda