Үйді, кеңсені, автокөлікті, бизнесті аластау, жол ашу
Аластау – қазақ халқының көнеден келе жатқан ырым сенімі. Мұны кейбір деректер шамандық дәуірден қалған дегенді айтады. Десек те, аластау арқылы тіл-көзден, сұқ сөзден, бәле-жаладан, ауру-сырқаудан сақтануға болады дегенді естіп өстік. Ал аластау үшін өсімдіктердің киесі саналған абыраспан мен хош иісті арша таңдалған.
Аластатуды – түтету деп келте ойламаңдар. Сенің сіріңкең ештеңені қорқыта алмайды. Ал адыраспан немесе арша тұтанғанда лаулап от шығады. Ал оттан үркімейтіннің өзі жоқ. Жәндік түгілі адамдар да сескенеді.