Ел ішінде Дәдем ата аталып кеткен Жұмағазы хазірет – XIX ғасырдың басында өмір сүрген діндар адам деседі. Жалпы, туған жері Батыс Қазақстандағы Жалпақтал өңірі болғанымен, мазары Сырым ауданының Шолақаңқаты ауылдық округінің аумағында орналасқан. Жұмағазы хазірет тама руынан шық-қан, қазіргі Сырым ауданына қарасты Алғабас ауылдық округі маңындағы Тамасай деген жерді мекен еткен. Әулие төрт рет қажылық сапарына барып келген, ислам дінін берік ұстанған және кереметке ие адам болған екен. Заманының көреген тұл-ғасы Дәдем ата орта жастан ауған тұсында болса керек, ауыл-елінің жағдайын алыстан ойлап, Тамасайды жылқы бағуға қолайлы жер санапты. Сөйтсе, патша үкіметінің жергілікті өкіл-дері жерді қарапайым ғана қазақтың шалына бере қоймапты. Әулие ұсақ шенеуніктермен салғыласып жатпай, Ресей пат-шасына тікелей жолығуға барған екен. Жергілікті қариялар-дың айтуы бойынша, Дәдем атаға алыс жол дүйім емес көрі-неді. Бүтін бір Ресейдің патшасы да оңай адам ба, бірінші күні қабылдамай жіберіпті. Ертеңіне патша жанындағыларға: «Әлгі шалды алдырыңдар, тегін адам емес екен, түнімен ұйықтай алмай шықтым» депті. Сөйтіп, Дәдем ата Тамасайды алып, ұзақ жыл осы жерде жылқы бағумен айналысады. Жалғыз шал баққан жылқыға көз алартушылар да көп болған екен. Бірде Ақберлі руынан шыққан барымташы, сотқар жігіттер тастай қараңғы әрі тұманды түнді пайдаланып қарияның жылқысын айдап кетпек болады. Жылқыны түн ауа дүркірете қуып ала жөнелген жігіттер таң ағарғанша тоқтамапты. Таң қылаң бере, алдынан аттылы Ата күтіп алғанда жігіттер жан-жағына қараса, түні бойы Тамасайды айналып жүре берген екен. Атаның құдіретіне әбден көзі жеткен тентектер аяғына жығылып, ке-шірім сұрапты. Содан кейін әулиенің жылқысына ешкім жа-қындамайтын болыпты.