Қоңыр әулие үңгірі – Абай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне, Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар тізбесіне енген, киелі нысан.
Абай ауданыТоқтамыс батыр ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 18 км жердегі Ақтас тауында, Шаған өзенінің оң жағасында орналасқан.
Ақтас тауы ақ әктас жыныстарынан тұрады. Үңгірге кіреберістің тарлығы сонша, адам тек бір қырымен кіре алады. Жарықтың биіктігі екі метрден асады. Үңгірдің жоғарғы жағында екі алаң бар, олардан жолдар ары қарай тарап, кей жерлерінде тарып аяқталады, олардың ұзындығы анықталмаған. Судың суықтығы сондай, оған түскен кезде аяқ-қолдардағы сіңірлер тартылып, сүйектер сырқырауы мүмкін. Дәмінде өте қатты әктас сезіледі. 2017 жылы келушілерді қабылдауға жағдай жасау және киелі жерді танымал ету үшін ылғал ауадан тек берік болатын сағызқарағай ағашынан баспалдақтар жасалды. Суатқа түсу жолында, үңгірдің іші мен сыртында ыңғайлы демалыс орындықтары орнатылды.
Аңыздар бойынша бұл суат басында қазақтар қанды шайқастардан кейін жараларын емдеген

ҚОҢЫР ӘУЛИЕ ҮҢГІРІ

Үңгір ішіндегі қасиетті көл
Қоңыр әулие өзінің қасиетті көлімен халық арасында танылған. Үңгір ішіндегі көлдің ұзындығы 25 метр, ені 10, тереңдігі 1,8 метр дегенмен, оның көлемі жерасты суының деңгейіне байланысты өзгеріп отырады. Суы тұщы әрі көптеген ауруларға ем. Шынында да көл суының емдік қасиеті бар екені еш күмән туғызбайды. Өйткені, үңгір орналасқан Ақтастың бетінде ертеден-ақ арша қалың өседі.

ҚОҢЫР ӘУЛИЕ ҮҢГІРІНДЕГІ ҚАСИЕТТІ КӨЛ

Берел қорымы (б.з.д. IV ғ. - б.з. VII ғ.) – Шығыс Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сақ дәуірінен сақталған тарихи археология ескерткіші. Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар тізбесі қатарында.
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданыБерел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7–8 км жерде. Қорым солтүстігінде Берел және Бұқтырма өзендерінің қосылған жерімен, оңтүстігінде Қансу өзенімен, ал батысы мен шығысында таулармен шектелген Бұқтырма өзенінің оң жағасындағы алаңда, теңіз деңгейінен 1120 м биіктіктегі үшінші жайылма үсті терассасында орналасқан.

БЕРЕЛ ҚОРЫМЫ

Марқакөл – Шығыс Қазақстан облысында орналасқан әдемі көлдердің бірі. Көл Азутау және Күршім жоталарының аралығында, теңіз деңгейінен 1449,3 м биіктікте орналасқан. Суының мөлдірлігі мен көлді айналдыра қоршаған биік таулардың және әсем шыршалардың келбеті табиғатқа керемет көрініс береді.
Көлдің ұзындығы 38 км, ені 19 км және тереңдігі 27 м. Көлге 100-ге жуық шағын өзендер мен бұлақтар келіп құяды, бірақ одан бір ғана Қалжыр өзені бастау алады. Көлге құятын өзендердің ірілері – Қарабұлақ, Матабай, Жиренбайтал, т.б. Жағасының оңтүстік жағы тік құлама жартасты, ал шағын өзен-жылғалар құятын тұстары батпақты. Қазан – мамыр айлары аралығында көл қатады. Суы тұщы, мөлдір, минералдылығы 0,07 г/л, құрамында: йодфторбром, т.б. бар.

МАРҚАКӨЛ КӨЛІ

Абай кесенесі — 1996 жылы салынған сәулет өнері ескерткішіШығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Жидебай қонысында ұлы ақынның туғанына 150 жыл толған тойы қарсаңында орнатылды. Пьедестал биіктігі 5 м, ұзындығы 200 м, ені 60 м. Биік 2 мұнараның біріншісі – Абай мұнарасы (биіктігі 38,5 метр), екіншісі - Шәкәрім мұнарасы (35 метр). Кешеннің төрт бұрышында төрт күмбез бар. Бұларға қоса диаметрі 36 метр болатын "Орталық Азиядағы жазба мәдениет тарихы" мұражай орны, келіп-кетушілерге арналған қонақжайамфитеатр, сондай-ақ, мешіт салынды. Бұрын осы орынға жерленген АбайОспанШәкәрімАхат бейіттерін қозғамай, солардың бәрін ішіне ала түрғызылған кесене құрылысы көшпелілер мәдениетінің үрдісінде, қазақ халқының космогониялық танымын бейнелейді. Сонымен бірге Абай кесенесінен Самарқандағы Гүр-Әмір, Аградағы Тәж Махал кесенелерінің әсері де байқалады. Кешен композициясында бастан-аяқ тұтастық сақталған. Оның барлық ғимараттары бірін-бірі толықтырып, даланың кеңдігімен үйлесім тапқан. Құрылыс жұмыстарында, негізінен, Маңғыстаудың ұлутастары қолданылған.

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ КЕСЕНЕСІ

Қиын-Керіш — қызыл топырақты құлама жарлардан, өркештелген адырлардан, қызғылт сары, ақ, көк және басқада сан түрлі топырақты мұнаралардан тұратын ерекше шатқал. Аумағы 300 га.
Орналасқан жері - Шығыс Қазақстан облысындағы Қиын-Керіш шатқалы аудан орталығы Күршімнен 120 шақырым, ал облыс орталығы Өскемен қаласынан 300 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Өскеменнен шыққан соң, Самар тас жолымен жүріп, Құлынжон (ескі атауы Казнаковка) өткелі арқылы Ертіс өзенінен өтіп, Күршім ауылы арқылы жүру керек. Күршімнен – оңтүстік-шығысқа қарай 95 шақырымдай, Зайсан көлі мен Аманат ауылынан (ескі атауы Мөнекей) – солтүстік-шығысқа қарай 15 шақырымдай жер

ҚИЫН КЕРІШ АЙМАҒЫ

Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысыАбай ауданындағыШыңғыстау бөктерінде 1858 жылы, 11 шілде күні дүниеге келеді. Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді ерте қайтыс болады. Бұл кезде Шәкәрім Құдайбердіұлы жеті жаста еді. Алпауыт атасы Құнанбайдың тәрбиесіне алынған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тартпаса да, әке қазасы жаны нәзік, көкірегі сезімді балаға оңай соқпағанға ұқсайды. Сол тұста тебіренген балауса жүректен алғаш жоқтау, жыр өлең де көздің жасымен бірге кұйылады. Бірақ казақта екі ауыз өлеңді кім шығармайды? Жас баланың жаңағы талабы өмір күйбеңінің күлді-көмешіне алданып қалып қояр ма еді, қайтер еді, егер Шәкәрім Құнанбайдағы ерке тотай қалпынан тез ауысып, Абай тәрбиесіне көшпесе.

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ КЕСЕНЕСІ

Қозы көрпеш – Баян сұлу мазары — X–XI ғғ. тұрғызылған сәулет өнерінің ескерткіші. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылына таяу, Аягөз өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Мазар табаны төрт бұрышты таған түрінде (сырт жағынан ауданы 7,10x7,10 м, ішкі жағынан 3,38x3,38 м), жоғары қарай сүйірленіп, күмбезделіп өрілген. Биіктігі 11,65 м, еденінен күмбезіне дейінгі биіктігі 4,35 метр. Қабырғасы гранит қалақ тастан сабан аралас балшықпен қаланған, қалыңдығы 1,86 метр Кірер есігі шығысқа қаратылған. Оңтүстік-шығыс қабырғасында өлшемі 0,7x0,5 м саңылау бар (қабырғадан 2,3 м биіктікте). Қозы көрпеш – Баян сұлу мазарының жанында төрт тас мүсін болған. Олардың кескінін ең бірінші болып 1771 жылы Г.Волошин қағаз бетіне түсірген. Тас мүсіндерде үш әйел мен бір ер адам бейнеленген. Халық арасындағы аңыз бойынша, үш әйелдің біріншісі – Баян сұлу, екіншісі – сіңлісі Айғыз, үшіншісі – апасы Айтаңсық, ер адам – Қозы болса керек. Өкінішке орай, қазір бұл тас мүсіндер жоғалып кеткен. Ел ішіндегі аңыз-әңгімеде Қозы көрпеш – Баян сұлу мазарын және оның жанындағы тас мүсіндерді Сарыбайдың інісі Тайлақ би жасатқан деп айтылады.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ-БАЯН СҰЛУ КЕСЕНЕСІ

Ырғызбай ата кесенесі – Абай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ХIХ ғасыр ортасындағы сәулет ескерткіші.
Ақсуат ауданыАқсуат ауылынан Кіндікті ауылына баратын жолдың бойынан солтүстікке қарай 5 км жерде, Күмісті бастауының қасында, Тарбағатай тауының теріскей бетіндегі бұйратты құба белде орналасқан.
Ырғызбай Досқанаұлы (1787-1850 ж.ж.) – атақты емші, сынықшы, дәрілік шөптермен емдеген, тамыр ұстау арқылы ауруды тауып, ол үшін ақы алмаған.
Құнанбай қатты ауырғанда, оны емдеп, жазған. Құнанбай емшіге құлынды бие сыйлап: "Егер Алла осы биені бұйыртса, ешқашан таршылық көрмейсің" деген сөздерді айтқан және оның айтқаны орындалған.

ЫРҒЫЗБАЙ АТА КЕСЕНЕСІ

Made on
Tilda