Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр.
Имантаудың оңтүстік жағалауында қарағай, қайың аралас орман өседі. Оңтүстік-батыс жағасы биік, тік жарлы. Басқа жағалары жайпақ. Көлдің солтүстік-батыс бөлігін көлге сұғына енген мүйіс оқшаулайды. Орта бөлігінде тасты арал бар. Түбі оңтүстік-шығысында тастақ, солтүстігінде сазды-құмды, қалған бөлігінде лай батпақты. Көл жағалауында қоға аралас қамыс қопасы өседі. Көлге бірнеше жылға келіп құяды. Оңтүстік-шығысынан Иманбұрлық өзені ағып шығады. Мал суаруға, т.б. шаруашылықтарға пайдаланылады, көлден балық ауланады (торта, аққайран, алабұға, шортан, күміс түсті және сарғыш мөңке)

ИМАНТАУ ТАУЫ АЙЛАҒЫ

Айыртау – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы тау.
Беткейінің қызғылт қоңыр, қара топырағында астық тұқымдас шөптесіндер, қарағай, терек аралас орман өседі
Абсолютiк биіктігі 1003 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа созылып жатқан таудың ұзындығы 8 км, енді жері 4 км. Бөктерінен Ұлан және Дресвянка өзендерінің салалары бастау алады. Батысында аумағы шағын келген Айыр көлі жатыр.

АЙЫРТАУ ТАУЫ АЙЛАҒЫ

Қарасай және Ағынтай батырлар ескерткіші – Солтүстік Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген монументтік өнер құрылысы ескерткіші.
Ескерткіш белгілі қазақ батырлары Қарасай мен Ағынтайға арналған гранит тұғырындағы қола мүсін композициясы болып табылады. Мүсін тобы алдымен сазбен орындалды, содан кейін қоладан құйылды. Ескерткіш Театр алаңында орналасқан және қала тұрғындары мен қонақтары үшін өзіндік бағдар болып табылады. Ескерткіштің ресми ашылу рәсімі 1999 жылы 22 маусымда өткен.
Батырлар – жоңғар соғысының қаһармандары. Мүсіндер иін тіресе орналасқан, батырлар бір қолдарында найза, ал екіншісінде қалқан ұстап тұр. Бұл көркем бейнелердің монолиттілігі аңызға айналған екі батырдың өмірдегі достығы мен ынтымақтастығын білдіреді. Батырлардың достығы мен өзара сыйластығы көп жағдайда халық арасында аты аңызға айналған сюжет болды, олардың қабірлері өлгеннен кейін де бір-біріне жақын орналасқан, қазір бірыңғай мемориалдық кешенге біріктірілген.

ҚАРАСАЙ ЖӘНЕ АҒЫТАЙ БАТЫРЛАРЫНЫҢ КЕСЕНЕСІ

Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771 – 1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс ханБарақ ханЖәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.
1711 жылы Көркем Уәлидің отбасында Түркістан қаласында дүниеге келген. Азан шақырған есімі – Әбілмансұр. Әбілмансұр Жошы ханның ұрпағы, төре тұқымынан тарайды. Оның шежіресі келесідей: Шыңғыс хан — Жошы хан — Ұрыс хан — Барақ хан — Жәнібек хан — Жәдік сұлтан — Шығай хан — Есім хан — Салқам Жәңгір хан — Уәли (Уәлибақы) сұлтан — Қанішер Абылай — Көркем Уәли сұлтан — Әбілмансұр

АБЫЛАЙ ХАННЫҢ РЕЗИДЕНЦИЯСЫ

1916 жылы патша үкіметінің жарлығымен майдандағы қара жұмысқа адам алына бастағанда, қазақтардың арасынан алғашқы болып бас көтергендердің бipi - Сырымбет балалары еді. Осы тұста Талдықорған, Суковский (Қарабұлақ), Орқаратал (Коминтерн) станицаларындағы орыс-қазақ атамандары, Қапалдан келген қарулы әскерді Желдісайдағы бейқам жатқан бейбіт елге бастап барған. Олар осы елдің тұрғындарын атып, дарға асты. Жүкті әйелдердің ішін жарып, балаларды тірілей көмді. Барлығы 150-дей адам опат болды. Халықты көтеріліске үндеген Жазықбай батыр 11 cepiгімен бipre қапылыста қолға түсіп, ауыр азаппен өлтірілді. 20 қылыш, 16 мылтық жасап үлгерген Байберлі ұстаның қолына шеге қағылып, қылышпен шауып өлтірілді. Патша әскерлерінің асындай айуандық әрекеттері "Сырымбет қырғыны" деген атпен еліміздің тарихында қалды. 1996 жылы осы тарихи оқиғаға 80 жыл толуына байланысты, кiнәciз жандардың қаны төгілген жерге қара тастан белгі қойылып, ас берілді

СЫРЫМБЕТ ҚАСИЕТТІ МЕКЕНІ

Ботай қоныс-мекені – Солтүстік Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.
Айыртау ауданыНикольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км, Иманбұрлық өзенінің (Есіл өзенінің оң жақ саласы) оң жақ құлама жағасындағы тегістелген еңіс алаңқайда орналасқан.

БОТАЙ ҚАСИЕТТІ МЕКЕНІ

Балбал — ежелгі түрік дәуірінде жиі кездесетін тастан қашап жасалған адам бейнесіндегі ескерткіш. Қазақ даласының барлық аймақтарында кездеседі.
Балбал - көне түркі сөзі.
Балбал сөзі бал+бал, яғни соғу, қағу, үру дегенді білдіретін қос сөзден тұрады. Бірақ бірыңғай мағынаны білдіретін ұғым. Түркологтардың пікірінше,«тасты тіп-тік етіп қадап орнатқан белгілер» деген мағынаны білдіреді. Балбалдың этномәдени жөн-жосығы ежелгі түрік дәуірінде (VI-IX ғғ.) айрықша болды. Балбал - өліктің аруағына арналған ғұрыптық кешендердің ең семантикалық мәнді компоненттерінің бірі. 

БАЛБАЛ ТАСТАР МЕКЕНІ

Торайғыр — Ертіс алабындағы көл. Павлодар облысының Баянауыл ауданы Баянауыл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 км жерде, Ақбет тауының етегінде орналасқан. Көл тектоникалық ойыста пайда болған, жағасы жақпартасты, тік. Суында мөңке, алабұға, т.б. балықтар кездеседі. Көл – осы өңірде туып-өскен қазақтың белгілі ақыны С.Торайғыровтың есіміне байланысты жерлердің бірі. Ақын бейіті осы көлдің маңында.

ТОРАЙҒЫР ҚАСИЕТТІ КӨЛІ

Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенесі – Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші. Баянауыл ауданыТорайғыр ауылынан шығысқа қарай 3 км жерде. Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1910) – ақын және жазушы, XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі. 1958 жылы оның моласында ескерткіш орнатылып, металл қоршау жасалды. 1975 жылы алдыңғы жағында барельефі бар жаңа ескерткіш қойылды. 1993 жылы қазақ ақыны мен жазушысының туғанына 100 жыл толуына орай, моланың үстінен кесене тұрғызылды.

СҰЛТАНМАХМҰТ КЕСЕНЕСІ

Олжабай Төлебайұлы (1709 – 1785 (кей деректерде 1783), Ақмола облысы Ерейментаудағы Сілеті өзен бойы) – жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақтың атақты батырларының бірі.  ҚабанбайБөгенбай, Малайсары секілді батырлармен бірге тізе коса отырып, ата жауға қарсы талай жорыққа қатысқан.

ОЛЖАБАЙ БАТЫР КЕСЕНЕСІ

Қалмақ қырылған, Қалмаққырған —Жоңғар-қазақ соғыстарында қазақтардың ойрат тайпаларының әскерлеріне қарсы соққы беріп, жау қолы жеңілген жерлер осылай аталған ( Жоңғар шапқыншылығы ). 1756 жылы Олжабай батыр бастаған Баянауыл мен Ертіс аралығындағы Серектас тауында өткен қазақ-жоңғар шайқасындағы жеңіс белгісі ретінде Серектас атауы Қалмаққырған деп өзгертілген.

ҚАЛМАҚҚЫРЫЛҒАН МЕКЕНІ

Жасыбай Өмiрұлы (XVIII ғасыр) — қазақ батыры. Орта жүздің Арғын тайпасы Бәсентиін руынан шыққан.[1] Әкесі от ауызды, орақ тілді атақты Өмір шешен. Анасы - қазақтың атақты батыры Олжабайдың апасы. Жасыбай ба­тыр құралайды көзге атқан мергендігімен аты шыққан. Баянауыл өңірін, басқа да қазақ жерін жоңғарлардан азат ету күресіне белсене араласқан

ЖАСЫБАЙ БАТЫР КЕСЕНЕСІ

Мәшһүр Жүсіп кесенесі – Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) – ақын, этнограф, ағартушы, қазақ халқының көрнекті өкілдерінің бірі, Баянауыл ауданының тумасы. Оның өмірі жергілікті тұрғындар ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын көптеген аңыздарға толы. Халық арасында Жүсіп Көпейұлының көріпкелдік қасиетке ие болғандығы және өлетін күнін алдын-ала білгендігі туралы аңыз айтылады: өлер алдында бір жыл бұрын ол барлық жақындары мен туғандарын жинап алып, өзінің мазарының құрылысы мен жобасы туралы өтінішін айтты. Осылайша, ақынның өтініші бойынша оның денесін жерге көмген жоқ. Ол денесінің 20 жылдан кейін бұзылмаған күйінде сақталатындығы айтты. XX ғасырдың 50-жылдары ескі мазарды бұзған кезде сәуегейдің денесі шындығында да бұзылмағандығын анықталды.

МӘШҺҮР ЖҮСІП КЕСЕНЕСІ

Ақбет тауы – Сарыарқаның солтүстік-шығысындағы Баянауыл тауларының ең биік сілемі. Павлодар облысы Баянауыл ауданының жерінде орналасқан. Ең биік жері 1026 м. Батыстан шығысқа қарай 17 км-ге созылып жатыр, ені 5-7 км. Беткейлері құзды-қиялы, жартасты және жақпартасты болып қатты тілімденген. ТорайғырЖасыбайСабындыкөл көлдері Ақбет тауының баурайында орналасқан. Бұлақтар көп. Табиғаты сұлу.

АҚБЕТ ТАУЫ АЙЛАҒЫ

Қоңыр әулие үңгірі - Баянауыл тауының батыс жағындағы Аққарағай тауының күнбатыс етегіндегі қасиетті үңгір. Ол Баянауыл ауылының солтүстік-шығысында, 17 км қашықтықта орналасқан. Жергілікті тұрғындар оны “Әулиетас” немесе “Қоңыр әулие” деп те атайды. Үңгір тектоникалық жік түсуден, гранит тасына табиғи сыртқы күштердің (жел, күннің қызуы, су шаю, т.б.) әсерінен пайда болған. Ендік бағытта созылған үңгірдің ұзындығы 30 м, ені 2,5 м, биіктігі 1,8-2,0 м, кіреберісі кеңдеу де, түбіне қарай біртіндеп тарылып, тастағы жарықшақтардан енген судан түзілген көлшікпен бітеді. Үңгірдің табаны тегіс, бүйірі қуыс-қуыс және тепкішекті. Суының шипалық қасиеті бар.

ҚОҢЫР ӘУЛИЕ ҮҢГІРІ

Кемпіртас – әдет-ғұрып, діни сенімдерге байланысты тастан мүсінделген адам пішіні, балбал тас. Қарпат таулары маңынан Моңғолияға дейінгі Еуропа мен Азия құрлығындағы жазықтарда, Қырым, Солтүстік Кавказ даласында кездеседі. Кемпіртас 4 топқа бөлінеді: 1) қола дәуіріндегі Кемпіртастар (б.з.б. 2-мыңжылдық) – бас жағына жұлдыздардың, етегіне адамның тұрпаты пішінделген, биікт. 2 – 4 м сын тастар; 2) Қара т. маңындағы сақ дәуіріндегі . Кемпіртастар 13 ғасырдағы Еуропа саяхатшысы В.Рубруктің дәлелдемесіне орай ғалымдар Кемпіртасты қыпшақтардың 11 – 12 ғасырлардағы мәдени мұрасына жатқызады. Ішінара алан мен хазар тайпаларынан (6 – 8 ғасырлар) қалған мұраға да санайды. Кемпіртасты ескі түркі жазуында «блбл»орхон жазуында «балбық» деп таңбалайды. Кемпіртас ұғымы ғылым мағынасында балбалдар мен мүсін тас түсінігін қоса қамтиды. Қазақстанда балбалдар, негізінен, Баянауыл маңында, мүсін тастар АтасуҚарқаралыБеғазыЖылысбайЖекешат пен Ерейментауда кездеседі.

КЕМПІР ТАС ҚАСИЕТТІ МЕКЕНІ

Made on
Tilda